Елімізде 400-ге жуық адам карантинге жабылған
Елімізде 400-ге жуық адам карантинге жабылған
© inbusiness.kz
5,256
оқылды
2020 жылдың 6 қаңтары  мен 4 наурызы аралығында Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің санитариялық-карантиндік пункттерінің мамандары халықаралық әуежайлар, теміржол вокзалдарында Қытаймен шекаралас мемлекеттерден келген 32 456 адамды қарап-тексерген.Нәтижесінде 391 адам емханаларға стационарлық ем қабылдауға жатқызылса, 601 адам  тұрғылықты мекенжайы бойынша бақылауға алынды, - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі. Бұдан бөлек 60 адам дене қызуы көтеріліп, ЖРВИ-мен емханаларға жатқызылып, оның 18-і үйге шығарылған. Карантиндегілердің сынамалары қосымша бақылау үшін Алматыдағы Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығына жіберілген.  Ұлттық қауіпсіздік қызметі шекара қызметінің деректері бойынша биылғы жылдың 1 ақпаны мен 4 наурызы аралығында елімізге мемлекеттік шекаралар арқылы 1 736 462 адам, оның ішінде ЕАЭО елдерінен 992 623 адам келген.