Ақтөбе қаласындағы мектепте оқушы құлап, көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
Бұл туралы Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Басқарма басшысы Рүстем Исаевтың айтуынша, 13 жастағы бала құлағанда мойнымен үстелдің ұшына соғылған.
"Бала тыныстамай қалған. Бірден облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Ес-түссіз болды. Жансақтау бөлімінде баланың өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер бар күшін салды. Бірақ ештеңе өнбеді. Сағат 11.25-те биологиялық өлім тіркелді", – деп хабарлайды Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.