Мұқағали Мақатаевтың өлеңін тебірене жатқа оқыған атыраулық бүлдіршін көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленді.
Өлең-жырларды жатқа оқитын 4 жасар бүлдіршін көпті сүйсіндірді
5,313
оқылды

Әлеуметтік желіде

Шеше,

Сен бақыттысың!

Жыламағын.

Жай түсіп жатқанда да құламадың, –

деп Мұқағали Мақатаевтың өлеңін тебірене жатқа оқыған атыраулық бүлдіршін көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленді.

Сұрастыра келе Сафия Камалидың анасы Ақтүйме Бөлекбаева Қасым Қайсенов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі екенін білдік.

Анасы оны мән-мағынасы жоқ мультфильмдерден аулақ ұстап, санасына қазақ тіліндегі ертегі-әңгімелерді, өлең-жырларды сіңіруге тырысады екен.

«Қызымның тілі шыққан сәтінен бастап оған халық ауыз әдебиетін оқи бастадым. Кейін оның ертегілерді жаттап алатынын байқадым. Сол кезден өлең-жырларды жаттаттым. Қазір жасы 4-те белгілі ақындарымыздың өлеңдерін түгелге жуық біледі», – дейді Ақтүйме Бөлекбаева.

Сафия өте белсенді. Балабақшада, онлайн режимінде ұйымдастырылатын түрлі республикалық​ байқауларға қатысып, вахталық әдіспен жұмыс істейтін әкесінің алдынан әрдайым «Мақтау қағаздарымен» күтіп алады.

Айта кету керек, кішкене бүлдіршіннің ата-әжесі Халық-ағарту ісінің озық қызметкерлері.

​Баян Жанұзақова