Қазгидрометтің жазуынша, түнде Жетісу облысында қатты аяз болады деп күтіледі: -24°C...-29°C. Талдықорғанда түнде қатты аяз болады: -26°C...-28°C.
Синоптиктер 15 желтоқсанда жеті өңірде ауа райы құбылмалы болады
3,305
оқылды

Қазақстанның 7 облысында 15 желтоқсанда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алматы облысының солтүстігінде, орталығында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 18-23 м/с, кей тұста 28 м/с дейін жетеді деп болжанады. Түнде облыстың оңтүстік-шығысында өте қатты аяз болады: -30°C...-31°C. Қонаевта солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 18-23 м/с болады деп күтіледі. 

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде облыстың шығысында боран соғады. Түнде облыстың шығысында, солтүстік-шығысында шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ақтауда көктайғақ болады деп күтіледі. 

Түркістан облысының оңтүстігінде, тау бөктерінде тұман болады деп болжанады. Облыстың таулы аудандарында қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді. Шымкентте түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі. Түркістанда түнде шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Қызылорда облысының шығысында, орталығында солтүстік-шығыстан, шығыстан 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с, түнде және таңертең 30 м/с және одан да жоғары жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі. Қызылордада шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с, түнде 30 м / с және одан да жоғары жылдамдықпен жел соғады. Таразда 16-17 желтоқсанда тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. 

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, орталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с, түнде облыстың орталығында 25 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжанады.