Бүгін Ресейде Италия азаматынан коронавирус анықталды, - деп хабарлады РИА Новости.
Қазіргі уақытта науқастың жағдайы аса ауыр емес. Онымен байланыста болған барлық адам медициналық бақылауға алынды.
Италиялық 29 ақпанда Ресейге келіп, ал 2 наурызда медициналық көмекке жүгінген. Ол ауруханада инфекциялық боксқа жатқызылды.