Астанадағы бокс кеші әлем чемпионы Санжар Ташкенбай мен екі дүркін Азия чемпионы өзбекстандық Нодиржон Мирзаахмедов арасындағы жекпе-жекпен ашылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
51 келі салмақ дәрежесіндегі айқаста қазақстандық боксшы 3:0 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша біздің спортшылар 1:0 есебімен алға шықты.
Естеріңізге сала кетейік, кештің басты жекпе-жегінде Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (11-0,6 КО) Оңтүстік Африка Республикасынан келген Джабулани Махенсемен жұдырықтасады.