Тергеу барысы бақылауда.
Ақтауда бұрынғы прокурор жанжал шығарып, соңы адам өлімімен аяқталды
821
оқылды

Ақтау қаласындағы көңіл көтеру орындарының бірінде бұрынғы прокурор төбелес шығарып, соңы адам өлімімен аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алдын ала тергеу мәліметтеріне сүйенсек, жанжал 10 желтоқсанда Ақтаудағы барлардың бірінде болған. Артынан төбелес шығып, жарақат алған ер адам 15 желтоқсан күні ауруханада көз жұмды. Күдікті ретінде бұған дейін прокуратурада жұмыс істеген ер адам қамауға алынды.

Күдіктіге Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігінде көзделген, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бойынша айып тағылды.

"Соттың санкциясымен күдікті екі ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу барысы бақылауда", – делінген прокуратура хабарламасында.