Отбасымен сақал қойып, дінге бет бұрған танымал жұлдыз көпшілікке ұнамай қалды.
Сәннен садаға кет! – Желі қолданушылары кіші Жүгінісовті жерден алып, жерге салды
16,614
оқылды

Танымал өнерлі отбасы, эстрада жұлдыздары Жүгінісовтер отбасы тағы да көпшіліктің ашуына тиді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Бұл жолы көпшілікке олардың үлкен баласынан бөлек, кішісінің де сақал қойып, дінге бет бұрғаны ұнамай қалған. 

Танымал әнші анасы Айнұр Жүгінісовамен бірге отандық бағдарламалардың біріне қонақ болады. 

Белгілі болғандай Жүгінісовтердің кенже ұлы «Qazaqstan дауысы» жобасына қатысып жатқан көрінеді. Мұхаммедәлі Жүгінісов бағдарлама барысында аталған жоба туралы айтқан. Ол байқауға қатысушылардың талантына тәнті болғанын атап өткен.

Десе де, көпшілікке Жүгінісовтердің кішісінің шаш өсіріп, сақал қойғаны ұнамай қалған. 

"Шашы не пәле еркек сияқты болу керек қой", "Сақалының жараспағанын, сәннен садақа кет", "Семьяларымен осындай орамал, сақал болып кетті. Сондай современной семья еді", "Жап-жас болып неге қырынып жүрмейді екен сақал-сақал болмай" деп жазды олар.