Қазіргі таңда 45 жастағы ер адам іздестіріліп жатыр.
Ақмола облысында ер кісі психиатриялық ауруханадан қашып кетті
693
оқылды

Оны іздеу шараларына полиция департаментінің жеке құрамы жұмылдырылды, – деп Aikyn.kz.  

716.kz басылымының жазуынша, Беспалый Константин Вячеславович 1978 жылы дүниеге келген. Жақсы ауданы Қима ауылының тұрғыны. 14 желтоқсанда сағат 18:30 шамасында ол мекемеден шығып кеткен. Аурухана дәрігері сол күні бірден полиция бөліміне хабар беріпті. 

Айрықша белгілері: бойы 170-175 сантиметр, дене тұрқы арық, көзі қыли.

Сол күні үстіне көк түсті күрте, қара бас киім, қоңыр түсті етік киген. 

"Полиция Беспалый К.В. есімді азаматтың қай жерде білетіндерге үндеу жолдап, ақпаратты келесі нөмірлерге хабарлап айтуға шақырады: 8716-32-2-12-02 немесе 102, ұялы телефон: 8771-371-41-02, 8705-625-54-93", – деді полиция өкілдері.