Ақтауда тұратын блогер құтқарып қалған қоқиқаз балапандарының бірі Алматыдағы зообаққа апара жатқанда өліп қалды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Азамат Сәрсенбаевтың сөзінше, балапан қатты әлсіреп қалған. Тауып алғаннан кейін екі күні бойы тамақтанбапты.
"Ақтау портынан тауып алған балапан өліп қалды. Тапқан кезде әлсіз еді, екі күн бойы тамақ ішпеді әрі салқын ангарда жатты. Өкінішті, мамандар келгенше жақсылап тамақтандыруым керек еді. Жолға дұрыс дайындамағаным үшін кінәлі сезінемін өзімді", – деп жазды ол.
Азаматтың сөзінше, екінші балапан қазір Алматы зообағында. Ол балапанды бір аптаға жуық уақыт күтіп, баққан.
Бұған дейін Қызыл кітапқа енген қоқиқаздың балапанын құтқарып, үйіне алып келген ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев қомақты айыппұл төлеуі немесе қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін екені туралы жазған едік.