Әлеуметтік желілерде Қошмамбет ауылындағы жер үйдің төбесі өртеніп жатқанын көрсететін видео тарады.
Алматы облысында жер үй өртеніп кетті
1,460
оқылды

Оқиғаның куәгерлері өрттің Қошмамбет ауылында болғанын, оған электр тогының  істен шығуы себеп болуы мүмкін екенін айтады,-  деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Алматы облысы Қарасай ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің мәліметінше, 15 желтоқсан күні түнгі сағат 21:47 минутта Қошмамбет ауылы Таң көшесінде үй өртенгені туралы хабарлама түскен.

«Сағат 21:47 минутта оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер Қошмамбет ауылы 34/14 мекенжайда ауданы 9х7 метр болатын тұрғын үйдің шатыры жанып жатқанын анықтады. Өрт сағат 22:02-де оқшауланып, сағат 22:12-де өрт толықтай сөндірілді. Өрттен зардап шеккендер болған жоқ», - деп хабарлады Қарасай ауданының төтенше жағдайлар бөлімі.