Кувейт елінің әмірі Наууаф әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабах 86 жасқа қараған шағында дүниеден озды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
"Біз Кувейт мемлекетінің әмірі, шейх Наууаф әл-Ахмед ас-Сабахтың қазасын зор өкінішпен қабыл ала отырып, қабырғамыз қайыса қайғырамыз", – деп мәлімдеді Al Jazeera телеарнасы.
Әмір 2020 жылдың қыркүйегінде 91 жастағы ағасы шейх Сабах әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабах қайтыс болғаннан кейін таққа отырған болатын. Кувейттің келесі әмірі 83 жастағы тақ мұрагері Мишаал әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабах болуы керек.