Ол көз жұмған анасына сағынышын желідегі парақшасына жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
"Қайғыны бөліссең азаяды.
Ардақты ағайын.
Анамнан айырылып қайғыдан есеңгіреп жатқанда, жылы сөздеріңізбен жанымды жұбаттыңыздар.
Алғыстан басқа айтарым жоқ.
Отбасыларыңыз аман болсын.
Әке-шешелеріңізді қадірлеп, тірі күнінде батасын алып қалуға тырысыңыздар.
Бақыт батада.
Өмір жалғасады, бұл заңдылық. Бірақ сағыныш басылмасы анық.
Көңіл айтып жатқан барша оқырмандарым мен замандастарыма рахмет айтамын", – деп жазды Азамат Сатыбалды Instagram парақшасында.