Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті тауда көшкін жүруі мүмкін екенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Алматы маңындағы тауларда 2600-ден жоғары биіктікте қар қалыңдығының 25 см ұлғайуына байланысты (қардың түсуі әлі жалғасуда) Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде және Богданович мұздығының ауданында көшкін жүру қаупі сақталады», – деп жазды ведомстводан.
Осыған байланысты, «Қазселденқорғау» мекемесі мен ТЖД азаматтардан, туристерден және демалушылардан тауға барудан бас тартуды сұрайды.