17 желтоқсан күні сағат 19.00-дегі жағдай бойынша төрт облыста республикалық маңызы бар 5 автожол бөлігінде көлік қозғалысына шектеу қойылды.
Қазақстанның 4 аймағында ауа райына байланысты жолдар жабылды
3,177
оқылды

Аяз, жауын-шашын, боран мен екпінді желдің себебінен жолдар жабылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Атырау облысында – 1 учаске (84 км)

–  «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» а/ж 126-210 км, Құлсары қаласы – Маңғыстау облысы шекарасы.

Жамбыл облысында  1 учаске (95 км)

–  «Алматы-Ташкент-Термез» а/ж, Кенен ауылы – Қайнар ауылы (Жаңа Қордай асуы). 

Жетісу облысында  1 учаске (100 км)

– «Үшарал – Достық» а/ж, Көктұма стансасы – Достық стансасы, 100 км.

Маңғыстау облысында – 2 учаске (515 км)

–  «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайотес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» а/ж 210-640 км, Атырау облысы шекарасы – Шетпе ауылы.

– «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шекарасы» а/ж 0-85 км, Бейнеу ауылы – Өзбекстан шекарасы.

Шектеу көліктің барлық түріне қатысты.

Республикалық маңызы бар автожолдарды тазалауға 344 техника жұмылдырылған.