Танымал қазақстандық блогер Айжан Байзақова қыз босанғысы келетінін мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Айжан Байзақова Instagram желісіндегі оқырманының тосын сауалына жауап берді. Одан оқырманы жаңа туған ұлы кімге ұқсайтынын сұраған. Жауап беру кезінде ол енді қызды болғысы келетінін жасырмапты, үшінші баласының өзі сияқты болғанын қалайтынын да айтқан.
Блогер, сондай-ақ, нәресте күтіміне енесі мен анасы көмектесетінін атап өткен.
Айта кетейік, 2023 жылғы 28 қарашада Айжан Байзақова екінші сәбиін дүниеге әкелген болатын.