Желі қолданушылары әншінің көйлегін ұнатып, жақсы пікір жаудырып жатыр.
"Кім айтты Гүлмира көйлек кимейді деп?": Ізбасханова образын өзгертті
10,376
оқылды

Әлеуметтік желіде анасымен бірге ән салып танылған ерекше дауыс иесі Гүлмира Ізбасханова көйлек киіп, сахналық келбетін өзгертті, – деп жазды Aikyn.kz.

Stan.kz мәлімдегендей, өнер иесі жеке парақшасына Стамбұл қаласынан бейнежазба салған.

“Кім айтты сіздерге Гүлмира көйлек кимейді деп?! Осы образ жасауыма 100 мың теңгеден астам ақша кетті. Кімге ұнады?”, – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары әншінің көйлегін ұнатып, жақсы пікір жаудырып жатыр. 

“Ақбота-Нұр жолда қалады”, “”Енді шашыңды өсірсең, нағыз нәзік қыз боласың”, “Көйлек керемет жарасады” деп жазып жатыр.