Келесі кезең аясында интернетсіз де есеп айырысуларды енгізуді және смарт-келісімшарттарды қолдануды көздейді.
Цифрлық теңге Visa мен Mastercard сынақтарынан өтті, келесі жылы пайдалануға енуі мүмкін
901
оқылды

Smart News басылымының хабарлауынша, сынақ нәтижесі функционал мен лезде төлем жасауға мүмкіндік беретін қызметтердің талапқа сай екенін дәлелдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Сондай-ақ мектеп оқушыларының тегін тамақтануын төлеуге арналған «цифрлық ваучерлер» пилоттық жобасы жүзеге асырылып жатыр. 2024 жылы нарық қатысушыларымен бірге іске қосылған жүйелер мен жобаларды масштабтау жоспарланған. Атап айтқанда, келесі кезең аясында нарыққа жаңа қатысушыларды қосуды, интернетсіз де есеп айырысуларды енгізуді және смарт-келісімшарттарды қолдануды көздейді", – деп жазды ақпарат көзі.

Еске сала кетейік, Ұлттық банк цифрлық теңгені кезең-кезеңімен 2025 жылдың соңына дейін енгізеді.