Қостанай облысының Рудный қаласында жантүршігерлік қылмыс орын алды.
Қостанайда қоқыс жәшігінен сөмкеге салынған сәбидің денесі табылды
sputnik.kz
885
оқылды

Қоқыс жәшігінен сөмкеге салынған жаңа туған нәрестенің денесі табылды. Бұл туралы Аikyn.kz El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Голос народа» басылымының жазуынша, аймақтағы Полиция департаменті 17 желтоқсан күні сағат 12:00 шамасында Рудный қаласында Корчагина көшесінде орналасқан үйлердің бірінің жанынан қоқыс контейнерінен (полиэтилен пакетте) жаңа туған нәрестенің денесі табылған жөнінде хабарлама алған.

– Аталмыш факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы «Анасы жаңа туған нәрестені өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полицейлер қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған адамды анықтау үшін барлық қажетті тергеу амалдары мен жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр, – делінген хабарламада.

Осы қылмыстың куәгері болса, полиция 52-60-22, 52-59-25 телефондары арқылы немесе 102 телефонына хабарласуын сұрап отыр.