Алматы облысындағы Гүлдала ауылында табиғи газ құбыры жарылып, төрт адам зардап шекті. Оқиға кеше таңғы уақытта Сүйінбай мен Байтұрсынұлы көшелерінде болды.
Жарылыстан зардап шеккен екі тұрғын Алматыдағы 4-клиникалық емханасына жатқызылды. Ал денесін күйік шалған тағы екі тұрғын Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына жеткізілген.
– "Науқастар жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр. Оларға тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатыр", – деп хабарлады емхананың баспасөз қызметі.