Мал иесі бір апта бойы 45 жылқыны өзі іздеген.
Павлодарда жоғалып кеткен бір үйір жылқы табылды
inform.kz
2,866
оқылды

Павлодарлық полицейлері жоғалған үйір жылқыны тауып берді. Бұл туралы Pavlodarnews.kz хабарлады.

45 жылқының жалпы құны – 21 миллион теңге.

Бір апта бойы іздеген жылқы табылмаған соң, шаруа қожалығының басшысы, Мерғалым ауылының тұрғыны Облыстық ішкі істер департаментіннің көмегіне жүгінеді. Жедел іздестіру шаралары барысында бөлім бастығының бірінші орынбасары Нариман Омарханов пен учаскелік полиция инспекторының көмекшісі Жұмажан Құнанбаев көрші облыспен шекарада жоғалған үйірді тапты. Барлық жылқы иесіне қайтарылды.

– «Малымды ұрлап кетті, табылмайды деп ойладым. Полицияға хабарласқанымда аз-маз үміт пайда болды. Полиция: «Уайымдама, жылқыларыңды табамыз» деді. Іздеуге атсалысқандардың барлығына үлкен рақмет», – деді мал иесі Әсет Боранбаев тәртіп сақшыларына алғысын білдіріп.

Нариман Омархановтың айтуынша, іздестіру жұмыстары соңғы жайылымның маңында өтіп, қардан із кескен. Бір күннен кейін тәртіп сақшылары жоғалған үйірді тауып алды.