Эдди Жан анасын таппайынша Испанияға оралмайтынын айтты.
"Анамды көрмей, Испанияға қайтпаймын": бельгиялық әйел асырап алған қазақ баласы халықтан көмек сұрады
Фото: видеодан алынды
15,651
оқылды

Әлеуметтік желіде бельгиялық отбасы асырап алған 21 жастағы қазақ баласы Эдди Жан анасын таппайынша Испанияға оралмайтынын айтып жазба жариялады, – деп хабарлады Aikyn.kz.

Оған дүниеге келгенде Жәнібек деген есім берілген екен. Алайда қазір Эдди Жан өзін Мұрат деп атап жүр. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында қазақ елінен қолдау күтетінін мәлімдеді.

Эдди Жан анасын таппайынша Испанияға оралмайтынын айтты.

"Мен анама қазіргідей жақын болған емеспін. Сондықтан мен анамды тапқанша Испанияға оралмауды жөн көрдім. Құрметті қазақ елі маған сіздердің қолдауларыңыз бен көмектеріңіз керек. Осы постты әлеуметтік желіде бөлісіңіз. Маған ана керек. Қазақстаннан туған анамды тауып, оны құшағыма алғым келеді", – деп жазды ол.