18 желтоқсанда сағат 14:10-да Тұран ауданы Қонаев даңғылы 91-үйден өрт шыққаны туралы хабарлама түскен, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, тұрғын үйдің 10-қабатында 17 шаршы метр болатын ас үй мен лоджия өртенді.
"Өрт 14:48-де сөндірілді. Баспалдақпен екі адам құтқарылды. Баспалдақпен төмен түсіп 50 адам өздері шықты", – делінген хабарламада.
Өрттің себебі анықталып жатыр.