Ақтаудағы 19-ықшамаудандағы түнгі бар жанында ер адамдардың төбелесін оқиға куәгерлері видеоға түсіріп алған.
Арнайы жасақтың өзі ажырата алмаған: Ақтауда төбелескендер ұсталды
880
оқылды

Куәгерлердің айтуынша, жанжал 17 желтоқсанға қараған түні Sport pub барының келушілер арасында мекеменің кіреберісінде болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты kaz.tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Кадрларда оқиға орнында бірінші арнайы жасақтың жүргені көрінеді. Тіпті олар ер адамдар арасындағы кикілжіңді тоқтата алмай, олардың бірі төбелеске шығып, қолына тас ұстап, қарсыласын ұрған. Көп ұзамай полицейлер де жетіп, оларды ұстады", – деп жазды басылым.

Облыстық полиция департаменті түнгі бар алдында төбелес болып жатқаны туралы қоңырау түскенін хабарлады.

 

"Полиция бөлімшесіне 33 және 34 жастағы күдіктілер жеткізілді, бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады ведомство.