Оқиға орнында Lada Granta көлігінің жолаушысы көз жұмды.
Қостанайда жол апатынан екі адам көз жұмды
772
оқылды

17 желтоқсан күні сағат 20:20 шамасында Қостанай-Сарыкөл тасжолында, Тобыл қаласынан 10 шақырым жерде Nissan көлігінің 61 жастағы жүргізушісі қарсы жолға шығып кетіп, Lada Granta көлігімен бетпе-бет соқтығысқан, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жол апаты салдарынан Nissan жолаушысы мен Lada Granta жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Жүргізушілер түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

– Аталған факті бойынша полицейлер Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі "Абайсызда екі адамның өліміне әкеліп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, – деді Қостанай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Фото: Polisia.kz