Ол 9 желтоқсан күні Астана-Қарағанды бағытында тапсырыс алған.
Астаналық 18 жастағы такси жүргізушісі із-түзсіз жоғалып кетті
1,256
оқылды

Астаналық 18 жастағы такси жүргізушісі Нұрсұлтан Жәнібекұлы Қарағандыға кетіп, із-түзсіз жоғалып кетті,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Patriotkaragandy мәліметінше, Нұрсұлтан Жәнібекұлы сұр түсті Chevrolet Cobalt көлігімен адам тасымалдаумен айналысқан.

Жас жігіт 9 желтоқсан күні Астана-Қарағанды бағытында тапсырыс алған. Куәгерлердің сөзінше, ол кейін Қарағандыдан Алматыға кеткен. Содан кейін мүлде байланысқа шықпаған.

Полицейлер Нұрсұлтанның қайда екенін білетін азаматтардан Астана қаласы Байқоңыр аудандық Полиция басқармасының криминалдық полиция бөліміне 8 (7172) 71-60-87, 8 (7172) 20-23-29, 8 (775) 217 80 98 ​​телефондары арқылы хабарласуларын сұрайды.