Үш оқиға да 16 желтоқсан күні тіркелген.
Павлодарда 3 ер адам үсіп қалды
Фото: egemen.kz
794
оқылды

Павлодарда үш ер адам үсіп қалды. Қазір олар ауруханада жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Облыстық жедел жәрдем стансасының хабарлауынша, 16 желтоқсан күні аязда үсіп қалуға байланысты үш жағдай тіркелген.

«42, 48 және 63 жастағы науқастар №1 қалалық ауруханаға жеткізілді», – дейді жедел жәрдем стансасында.

Осы аптада қатты аяздың беті қайтып, сынап бағанасы нөлден жоғары болады. 19 желтоқсанда күндіз сынап бағанасы -2...-7°С-ты көрсетеді. Желдің жылдамдығы оңтүстік-шығыс бағытында секундына 9-14 метрге, ал облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 метрге дейін жетеді.