Алматы облысына қарасты Қарғалы ауылында су құбыры жарылып, тұрғындар ауызсусыз қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Оқиғаның видеосы алдымен әлеуметтік желіде тарады. Кейін Алматы облысы әкімдігі Қарғалы ауылдық округіне қарасты Жеңіс саяжайын ауызсумен қамтамасыз ететін су құбырында ақау шыққанын мәлімдеді.
«Жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін таңғы сағат 9-да Қарғалы ауылындағы барлық абоненттерге су беру өшірілді. BeyAzh Trans компаниясының қызметкерлері құбырды ауыстырып жатыр. Жұмысты сағат 12-ге дейін аяқтау жоспарда», – деп түсіндірді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.