Қайғылы оқиға Самар-Шымкент тасжолының бойында, Қызылжар ауылының тұсында болған.
Ақтөбеде олимпиадаға бара жатқан 2 оқушы мен мұғалім қаза тапты
939
оқылды

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында жол апатынан екі оқушы мен бір мұғалім көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Самар-Шымкент тасжолының бойында, Қызылжар ауылының тұсында болған. Апатқа ұшыраған Toyota Alphard көлігінің ішінде 7 адам болған. Оның бесеуі  – оқушы. Олар Жаныс би ауылынан Ырғызға олимпиадаға қатысу үшін бара жатқан.

"Алдына ала мәлімет бойынша және куәгерлердің айтуынша, апат салдарынан үш адам қаза болған. Оның екеуі – оқушы, біреуі –  педагог. Олар республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне қатысу үшін жеке көлікпен шыққан. Басқарма тарапынан қатысушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде бұйрық болды", – деді облыстық Білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан.

Білім басқармасының басшысы оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын айтты.