Қайрат Сатыбалды шартты түрде мерзімінен бұрын босатылмайтын болды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.
«Сотталған Қайрат Сатыбалдының бас бостандығынан айыру жазасын бас бостандығын шектеумен ауыстыру туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартылсын», – делінген сот хабарламасында.
Сот шешімін Сатыбалдының заңбұзушылықтар жасағанын және оның мінез-құлқы тұрақсыз деп танылғанын, сондықтан мерзімінен бұрын босату туралы өтініш беру әлі ерте екенін алға тартты.
Айта кетейік, Қайрат Сатыбалды 2022 жылдың наурызында қызмет бабын асыра пайдаланды және «Қазақтелеком» АҚ-нан аса ірі көлемде қаржы ұрлады деген күдікпен ұсталған болатын.
Кейін құқық қорғау органдары оның басқа да қылмыстарға қатысы болуы мүмкін екенін айтты. Атап айтқанда, Антикорда «Көлікке қызмет көрсету орталығы» АҚ-та да қаржы жымқырылуы мүмкін екенін мәлімдеді.
Сондай-ақ Қайрат Сатыбалды «ЦТС» және «Қазақтелеком» компанияларына 12 млрд теңге және 28 млрд теңге шығындарды өтегені белгілі болды.
Прокуратура бұл жаза тағайындау кезіндегі жеңілдететін мән-жайлардың бірі болғанын атап өтті.
2022 жылдың қыркүйегінде сот Қайрат Сатыбалдыны кінәлі деп тауып, жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеу үшін алты жылға бас бостандығынан айырып, жазасын Өскемен іргесіндегі №22 мекемеде өтеуге жіберді.
Кейіннен Қайрат Сатыбалдының шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға өтініш жазғаны белгілі болған еді.