26 мектепте мұғалімдерді конкурс өткізбей жұмысқа орналастыру фактілері анықталып, соттылығы бар және медициналық мекемелердің «Д» есебінде тұрғандар жұмысқа орналастырылған.
"Сотталғандары бар": Қызылорда облысында жалған дипломмен жұмыс істеген мұғалімдер ұсталды
Фото: Halyq Uni
2,986
оқылды

Қызылорда облысы прокуратурасы орта білім беру мекемелерінде тексеру жүргізуде,    деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алғашқы тексеру нәтижелерімен санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен өрт қауіпсіздігін бұзудың 200-ден астам фактісі анықталды.

Кейбір мектептерде бейнебақылаудың «соқыр аймақтары» жойылмаған, жұмыс істемейтін бейнекамералар бар, салдарынан сапалы бақылауға кедергі келтіреді.

Информатика сабақтарында оқушылар бақылаусыз қалып, ересектер мен құмар ойындарға арналған сайттарға еркін кіруге мүмкіндік берілген. 

26 мектепте мұғалімдерді конкурс өткізбей жұмысқа орналастыру фактілері анықталып, соттылығы бар және медициналық мекемелердің «Д» есебінде тұрғандар жұмысқа орналастырылған.  

Сонымен қатар педагогтер жалған дипломмен жұмысқа қабылданғаны анықталып, олар бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Мектептерді тексеру жұмыстары жалғасады.