Оның сөзіне қарағанда, үш мәрте күйеуге шығып, отбасы құндылықтары туралы ақыл айтатындар жиілеп кеткен, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Сұрауы бар» бағдарламасына қонақ болған композитор ондайлардың уағызы отбасын бүлдіретінін жеткізді.
"Қазір психологтар шықты, өзі үш байға шығады. Бірақ отбасылық құндылықтар туралы айтады. Күйеуіңнің киімін жума, тамақ істеп берме. Ол өзі істеу керек. Сен өзіңді күт, сен тұлғасың дейді. Соған ақша төлеп барады екен адамдар, кейінгі кезде. Зейнеп Ахметовалар ұлттық құндылықтар туралы әңгіме айтып отырса, мен түсінер едім. Немесе Аягүл Миразова, сондай адамдар ұлт төңірегінде әңгіме айтып отырса жарасады. Мыналардың өзі жұрт білетін үш байы бар, құдай тілімді жазықты қылмасын. Сөйтіп тұрып, отбасы құндылықтары туралы әңгіме айтады. Айналайын-ау деймін, жүрегімді айнытпаңдаршы. Жүрегім айнып кетеді сондайдан. Сондай психологтардың өзінің психикасын тексеру керек, кәдімгі жүйкесі ауыратын адамдарды тексеретін адамдарға апару керек», – деді ол.
Көпшілік сазгердің бұл пікіріне жаппай қолдау көрсеткен.