Әншінің айтуынша, бұл жағдай мектепте оқып жүрген кезде болған.
"Өлім аузынан қалдым": танымал әнші басынан өткен жайтты айтып берді
Фото: stan.kz
7,247
оқылды

Танымал әнші Жігер Ауыпбаев "Ұйқым келмейді" бағдарламасында бір кездері денсаулығы нашарлап, тіпті ем үшін ата-анасы үйін сатуға мәжбүр болғанын әңгімеледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Өнер иесінің сөзінше, бұл жағдай мектепте оқып жүрген кезінде болған.

"6-сынып оқып жүрген кездерде кішкентай ойын баласы болғаннан кейін тыныш жүрмейсің ғой. Өлім аузынан қалдық десе де болатын шығар. Ота жасалды. Сол кезде өзі бір қиын кезеңдер болды, теңгенің ауысып жатқан кездері болды. Бәрі жұмысынан қысқарып, сондай бір дағдарыс келді. Сол сәтте анам да, әкем де жұмыстан қысқарды. Ақша жоқ. Мен де қырсыққанда ауырып қалдым. Мені ауруханаға жеткізеді. Бір көзімді ашсам, операция жасайтын неде (ота үстелінде - еск.) жатырмын. Сол кездерде 6-7 айдай ауруханада жаттым. Содан үйді сағындым. "Ертең шығасың" деген болатын.

Мен "бүгін шыға берсем бола ма?" дедім. Ертесіне ата-анам көлікпен келіп шығарып алуы керек болды. "Иә, иә, болады" дейді. Киімдерімді алып, қыстың күні ауруханадан түрмеден шыққандай қуанып шыға салып, үйге қарай жүгірдім. Үйге жүгіріп келсем, үйде басқа біреулер тұрып жатыр. Есікті қағып, ішіне кіріп, "мама-папа" десем, ішінен басқа адамдар шығады. "Мына үйді сатып алған болатынбыз, мама-папаң басқа жақта тұрып жатыр" деді. Сонымен әжемдердің үйіне бардым. Бүкіл зат әжемнің үйінің алдында тұр екен. Сұрап едім. "Сенің дәрі-дәрмегіңе ақша керек болды, сол үшін үйді саттық" дейді. Содан бастап күйзеліс басталды", – дейді әнші.

Ол кейін ата-анасына үй сатып алып бергенін жеткізді.