Ал бұл туындының жарыққа шыққанына 30 жыл толған.
"Отыздан асып барамын" әніне қатысты дау шықты, іс сотқа дейін барған
5,509
оқылды

Эстрада әншісі Айқын Төлепберген өз репертуарындағы “Отыздан асып барамын” әнінің авторымен “Айнаline” бағдарламасында дауласты, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бағдарламаға әннің авторы мен орындаушы онлайн қатысып, өздерінің уәждерін ортаға салды. Түркістандық сазгер аталған әнді 1993 жылы өзінің 40 жасына арнап жазғанын атап өтті.

"Қазір 70 жастамын. Мұны ауылда отырыстарда "қырықтан асып барамын" деп айтып жүрдім. Кейін әншілер сұрағаннан кейін Мұқағалидің сөзіне жазылған әнге айтып жүрдім. Көп жерде менің әнім екенін біледі. Бүкіл түркістандықтарға танымал ән. Ал Айқын Төлепберген орындаған кезде менің аты-жөнімді айтпайды. Оған хабарласқанымда, "Бұл ән сіздікі емес, Тұрсынғазы Рахимовтан алдым" дейді. Адам ішінен шыққан туындысын ешкімге бермейді ғой", – дейді сазгер. 

Ал Айқын сазгердің сөзімен келіспейтінін айтты.

“Маған хабарласып, “Отыздан асып барамын" әнінің авторымын деді. Баласы хабарласып, ақша сұрады. Содан кейін мен авторлық қоғамға сұраныс жіберіп, әннің авторы басқа адам екенін білдім. Кейін ағайға хабарласып, мұны айттым. Мені сотқа берді, бірақ мен жеңіп шықтым. Сөйтіп, мәселе жабылды", – дейді әнші. 

Алайда, Тұрсынғазы Рахимовтың әйелі сазгердің сөзімен келісіп, оны шындыққа балады.