"Өнер қырандары" театрының актрисасы ретінде танымал Дана Тұрарбек – көпбалалы өнер иесі.
Отағасы қатты қызғаншақ: Дана Тұрарбек отбасы туралы айтты
10,121
оқылды

NEGE.KZ сайтына сұхбат берген Мадияр Серікбаевтың жары отағасының қызғаншақ екенін жеткізді,   деп хабарлайды Aikyn.kz. 

"Жас кезімде тоқал алуға рұқсат бермейтінімді айтқан болармын. Бірақ қазір керісінше, менен гөрі отағасы қатты қызғаншақ болып кеткен. "Тоқал ала беріңіз" десем, "Қой" дейді",  деді өнер иесі.

Сонымен қатар Дана Тұрарбек тойда өнер көрсетпейтінін айтты.

"Театрдан бөлек, бес баланың анасымын. Үйде ана, келін ретінде міндетім бар. Сахна жүгі мен отбасымдағы рөлді қатар арқалап жүрудің өзі оңайға түспесі анық. Сондықтан той қуып кетсем, отбасында береке болуы екіталай. Жылына екі рет шығармашылық сапарға шығамыз. Үйге оралғанша ұл-қыздарымды ойлап, уайымдап бітемін. Тіпті, Мадиярдың өзі тойға көп шыға бермейді. Ал маған о баста тыйым салды. Себебі, жолдасым әйел адамның тойда өнер көрсетіп жүргенін қаламайды. Ал әйел адам ерінің айтқанына мойынсұнғаннан кеміп қалмасы анық. Бір жағынан өзімнің де ырду-дырду ортада жүруге зауқым жоқ. Қолым қалт етсе, бала-шағамның жағдайын жасап, жандарында болғанды қалаймын. Бала тәрбиесіне келгенде арнайы күтушінің көмегіне жүгінгенді де жөн көрмеймін. Алыс сапарға шыққанда әжелері мен нағашы апаларына немесе сіңлілеріме табыстап кетемін", –  деді Дана Тұрарбек.