Ол бірден қамауға алынды.
Алматыда полиция қызметкерін ұрған жүргізуші қолға түсті
1,635
оқылды

Алматы қаласында полицейге шабуыл жасаған ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 19 желтоқсанда түнгі сағат 03:20-да Достық даңғылы мен Снегин көшесінің қиылысында мамандандырылған патрульдік полиция батальонының экипажы күдік тудырған "Тойота" көлігін тоқтатты.

"Көліктің ішінде жүргізуші мен төрт жолаушы болған, олар бірден дөрекілік танытып, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған. Сонымен бірге, төрт адам Toyota Camry жүргізушісіне қашып кетуге мүмкіндік жасады. Ол да мас күйінде рульге отырған – бұл өзгелерге қауіп төндірді деген сөз. Жүргізушінің кім екені анықталды. Оны ұстау шаралары жүргізілуде", – деп атап өтті Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ тәртіп бұзушылардың бірі полиция қызметкерін ұрды. Бұл әрекеттер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-бабы "Билік өкіліне күш қолдану" бойынша квалификацияланды.

"Оқиғаға қатысушылардың барлығына қатысты ҚР ҚК-нің 379-бабы "Билік өкіліне бағынбау" және ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша қылмыстық іс қозғалып, материалдар жиналды. Ал, тәртіп сақшысына қол көтерген ер адам қамауға алынды", – деп қосты департаменттегілер.