Кейде алыс сапарға шықсаңыз, алуан түрлі ой кешіп, тіпті сол ұшан- теңіз ойдың құшағынан шыға алмай қалатын сәттеріңіз болады.
Қазаққа қатысты жәдігерлер
1,727
оқылды

Мен осы са­парға шығарда дәл сондай күй кештім. Сапар деп отыр­ғаным – «Бо­лашақ» бағдарламасы аясында АҚШ астанасындағы Джордж Вашингтон университетінде білім алу еді. Американың ұлан-байтақ атырабына күз асықпай келіп, кеш қайтады екен. Мүмкін мен аталған университеттің қақпасынан Сорбоннадағыдай «Құдай бер­ме­генді Сорбонна бере ал­майды» деген сияқты ұлы сөз күткен шы­ғармын, Вашингтонның тас мүсіні қойылған қақпаға қарай бергенім әлі есімде.

Асыға күткен оқу басталып, алғашқы күні профессорлармен таныстық. «Мен батыс саяхатшыларының қазақ даласы туралы жазған кітаптарын зерттеуге кел­­­дім» дегенім де, бір емес, бірнеше про­­­фес­­сор қызығып, осы туралы білгісі ке­­ле­­­­тінін айтты. Сонымен, өз жоспарым бойынша алпауыт елдің астанасындағы кі­­тапха­налар мен архивтерден ел мен жеріміз туралы көне кітаптарды іздеуге кірістім. Ең алдымен қоржыныма түске­ні – аме­­­рикалық жазушы Мэри Лоу Мэсейдің «Дала ертегілері» атты кітабы болды. Қазақ­­тың он тоғыз ертегісіне көр­­кем аударма жасап, АҚШ оқырман­­­дарына ұсыныпты. 

1968 жылы Нью-Йорк қаласында баспадан шыққан Stories of Steppes, «Да­ла ертегілері» атты бұл кітап Вашинг­­­тондағы Гельман кітапханасында 55 жыл­дан бері сақталыпты. Бірінші бе­ті­нен соңғы бетіне дейін тұтастай қазақ­тың ертегі кейіп­керлерінің сурет­­­терімен безендірілген бұл кітап қазақтың дала­лық мәдениеті, фольклорын, өмірге көзқарасы, тұрмыс-тіршілігінен хабар береді. Америкалық жазушы, зерттеуші ғалым Мэри Лоу Масей кітапқа қазақтың «Жалғыз көзді дәу», «Бота», «Бір қалың­дыққа үш күйеу», «Салақбай мен түлкі», «Сиқырлы бақ», «Алдар көсе мен бай», «Отыншының қы­зы», «Ақылды ұры» «Ер Қосай батыр», «Ақымақ қасқыр» сияқты он тоғыз ерте­гісін енгізген. 

Автор кітапқа кіріспесінде қазақ хал­қының Орталық Азияның кең даласын мекендеген халық екенін, әрбір салт-дәс­түрі ән мен күйден бастау алып, тор­қа­­­­лы той, топырақты өлімде өлең мен жоқ­таудың рөлі барын, осындай емін-еркін өскен халықтың көшпенді өмір барысында озық мәдениет пен мазмұны бай фольк­­лор­­­лық мұралар тудырғанын батыс оқыр­мандарына түсіндіреді. Бізді қызық­­­тырғаны – оның қазақ ертегілерін АҚШ оқырмандарына таныстырған алғашқы­­­лардың бірі екені және осы ең­бе­гіне ба­рын салып, сапалы істегені болмақ. 

«Дала ертегілерінде» автор оқырманға қазақ ертегілері түсінікті болу үшін әр ертегіге мазмұнына сай қыстырма сурет­­тер берген, мысалы, «Жалғыз көзді дәу» ертегісіндегі қыстырма суретті кө­­­ріп, «ме­­­­нің қолымнан бәрі келеді» деп қас­қайып тұрған қайсар да батыл дәуді есі­мізге аламыз. Сонымен бірге осы ертегіде «Ай­даһар» деген сөз жеті рет, «қымыз» сөзі үш рет өз атауымен, яғни қазақша атаумен берілген. Ал «Ақылды ұры» атты ертегіде «өмір-зая» атты жұлдызды Omir-Zaya деген атаумен кітапқа енгізген. Автор Мэри Лоу Мэсейдің кім болғаны жөнінде ізденіп едік, оның жолдасы Джакпен бірге 1960 жыл­­­­дардың басында Совет одағына саяхаттап барғанда, қазақ халқының ертегілерін өзімен бірге ала келіп, оны ағылшын тіліне аударғанын білдік. Қалай десек те, АҚШ кітап­­­хана­сынан табылған «Дала ертегілері» атты бұл кітап қазақ халқының мәде­­ниетіне батыс елдері ерте бастан қызық­қанын ай­ғақтайды.

Ал британдық журналист, тарихшы Ральф Фокстың осыдан бір ғасыр бұрын Нью-Йорк пен Бостон қалаларында қа­тар жарық көрген «Дала халықтары» ат­ты кітабы да біздің тарихымыз үшін үл­­кен олжаның бірі. Ол 1920 жылдары Ресейдегі Азамат соғысы аяқталған соң, Кеңестік Ресейге ат басын бұрып, ондағы халықтар­­дың салт-дәстүрімен танысады. Сол сапарында ол құнды деректер мен суреттер жинап, «Дала халықтары» атты алғашқы кітабын жазады. Кітаптың екін­­ші бетінде қазақ бүркітшісінің бей­несі берілген, өткен ғасырдағы қазақ қо­­­­­­ғамының бей­несі, мәдениеті, тұрмысы осы кітапта автордың көргендері ретінде баяндалады. Ең маңыздысы, Фокс бұл кітабында қазақты басқа батыс саяхат­­­­шылары сияқ­ты «қырғыз» демей, «қазақ» деп өз атауымен атаған. 

«Әлем халықтарының ертегілері» атты антология 1961 жылы Нью-Йорк­тегі Putnam's Sons баспасында ағылшын тілінде жарық көрген. Бұл еңбекке қазақ ертегісі ретінде «Алдар көсенің си­­­­­қырлы тоны» атты ертегі енген, аталған кі­таптағы ерте­гі­­­лерді Jean Layton есімді америкалық аудармашы ағылшын тіліне тәржімалаған. Антология George Washington универ­ситетінің басты кітап­­ханасы Гельман кітапханасында сақ­­­таулы тұр. Ал Америка универси­­­­тетінде сақтал­­ған «Совет одағы Орталық Азия және Қазақстан ертегілері» атты суретті кітап 1986 жылы ағылшын тіліне ауда­­­рылып, АҚШ оқырмандарына жеткен. Бұл топ­та­­­­­маға қазақтың «Сатып алған түс» атты ертегісі еніп, қазақ сурет­шісі Мең­­ді­­бай Әлиннің арнаулы салған суреттері қоса берілген.

Америкалық зерттеуші ғалым Хад­сон­­ның «Қазақтың әлеуметтік құры­лы­мы» атты зерттеу еңбегі 1938 жылы жа­рық көр­ген. Қазақтың әлеуметтік ин­ститут­тары туралы жақсы зерттелген бұл еңбек этно­­логиялық зерттеу бағыты бойынша жа­зыл­­ған. Хадсонның бұл еңбегі қазақ қоғамындағы барлық әлеу­меттік топтар­дың негізі болған қазақ ру­ларының қоғам­дық орны, рөлі, оның экономикалық өмір­ге, отбасына, некелік тұрмысқа, тап­­­тық айырмашылықтарға, саяси сәй­­кес­­­­­тіктерге байланысын зерт­теген бірегей кітап.

Питтисбург университетінің Hilman кітапханасында сақталған «Кеңес одағын­дағы жаңа адам» атты кітабында үнді рево­­люционері Үндістан Социа­листік Респуб­л­икалық қауымдасты­ғының мүше­сі Бе­­жой Кумар Синха Қазақстанға сапары жөнінде сыр шертеді. 1925 жылы Канпурда өткен Үндістан ұлттық конгресінің сес­­сия­­­сында «Хиндустан Сева Дал» науқанын ұйымдастырып кейін Британ үкіметінің қудалауымен Лахор, Раджах­­­мундри, Андаман түрмелерінде саяси тұтқында болған оның өз кітабына Қазақ­станға сапары туралы деректерді қосуының өзі бір ғанибет. Бұл кітап Үндістанның Бом­­­бей, Ахмедабад, Жаңа-Дели қалала­рындағы «Халық» баспасында 1971 жы­лы басылыпты. Бүкіл кеңестік елдердің сол кездегі қоғамдық бейнесін тұрмыс-тірші­лігін баяндайтын кітапта Орталық Азияға орналасқан Қазақ мемлекетінің ауыл шаруашылығы, өнеркәсібі мен мәдениеті дамып жатқанын тілге тиек етеді. Бай­қоңыр ғарыш айлағы мен тың игеру науқаны сияқты ақпараттарды қосады. Сөйтсек, ол Алматыда өткен тұңғыш Аф­рика-Азия конференциясы делегатта­рының қатарында болыпты. Осы үлкен жина­лыста ол қазақ мәдениетіне қызық­­­қанын жасырмайды. «Ең алдымен, орыс балетін көрдік, содан соң қазақтың халық биі орындалды. Тар көйлек киген орыс би­шілеріне қарағанда, бүкіл денесін жа­уып тұратын қазақы көйлек бишілерге құп жарасыпты. Келесі кезекте КСРО Халық әртісі Бибігүл Төлегенова есімді қазақ әншісі сахнаға көтерілді. Оның тамыл­­­­жыған дауысы мені ғана емес, отырған көрерменнің бәріне ұнағаны шындық. Өзі де, дауысы да әсем әншіге тәнті болудан жалықпадық. Оны сөз жоқ, «қазақтың бұлбұлы» деп атаған дұрыс болар. Осындай көңілді кештің құрметті қонағы болып отырғанымда, қасымда отырған қазақ әйелі маған Қазақстан  Республикасының альбомын сыйға тартты. Әлгі естеліктің ішіне «Қазақ даласы мен ескерткіштерін естен шығармағайсыз» деп жазыпты. Олардың бұл сыйлығы сол сәттегі менің көңіл күйімді одан әрі көтеріп тастады» деп сол сәттегі көңіл күйін ағыл-тегіл ақтарып, Бибігүл Төлегенованың суретін кітабына кірістіреді.

Бе­жой Кумар жазушы Мұхтар Әуезов­тің музей-үйіне баруды да ұмыт қалдыр­мапты. «Музей десе, музей екен, өте ретті, ұқыпты орналастырылған, келген қонақ­тарға жазушының өмір деректері туралы шағын фильм де ұсынылады»дей келе, Мұхтар Омарханұлының әдебиеттегі ерекше орны туралы жазады. «Ол шығар­малары арқылы туған халқының оянуына еркіндік пен теңдік әлеміне қарай қадам басуына жол іздеді» деген баға береді. Бұл кітап та қазақ мәдениеті үшін қымбат жәдігердің бірі.

Қысқа ғана үш айдың ішінде осындай бірнеше қазаққа қатысты деректері мол құнды кітаптардың АҚШ кітапхана­ла­рынан табылуы бізге қазақ пен амери­кан байланысының тек Қазақстан тәуел­сіздік алғаннан кейін ғана емес, одан бұрын, анығын айтқанда сонау он тоғы­зыншы ғасырдың ортасында басталға­нын дәлел­дейді. Кешегі кер заманда жер бетіне тары­дай шашылған қазақтың өткен дәуірге есесі кеткені анық. Ал сол қиын кездер тарих бетіне қалай жазылды, оны кімдер қағазға түсірді, енді соны зерттеу тым маңызды болмақ. Қазаққа қатысты деректері басым ағылшын ті­лін­­де жарық көрген кітаптарды үлкен кітапханалардың сөресінен көргенде менің есіме Джон Рескиннің «ұлы ха­­лықтар тарихын ісімен, сөзімен және өнерімен жазады» деген ұлы сөзі түсті. Иә, қазақ халқы – ұлы халық. Әйтпесе, соншама бай мәдениетті қалып­тастырып, оны ұрпақтарға мұраға қалды­рар ма еді? Ендеше, біз ұлы халқы­мыздың тарихын әрқашан түгендеуге тиіспіз. 

Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН,

Вашингтон, АҚШ