Продюсер оны жұбатып, жақсылықтан үміт үзбеуге шақырды.
«Әйел қылықты болуы керек»: Гүлзира Айдарбекова күйеуінен қорлық көргенін айтқан әйелге кеңес берді
Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova/
3,331
оқылды

Продюсер Гүлзира Айдарбекова күйеуі туралы айтып, шағымданған оқырманына кеңес берді, – деп жазды Aikyn.kz.      

“Күйеуім тырнақ астынан кір іздеп, айқайлай береді. Жылы сөз естімегелі көп болды. Дастарқанға қасық қойылмай қалса да, айқай шығарып жібереді. Жасым 42-де. Кейде бір жаққа қашып кеткім келеді. Тыныштықты қалаймын. Жылы сөз естімей өмірден өтіп кететін шығармын. Сіздерге қызығамын. Ел алдында еркелеп жүресіз”, – деп жазды желі қолданушысы. 

Продюсер оны жұбатып, жақсылықтан үміт үзбеуге шақырды. 

“Не айтарымды да білмеймін. Ататек жайлы зерттеп көрсеңізші. “Күйеуім пәленшеге және оның тегіне ризамын. Жолдасым сабырлы, бақыттымыз, бай-қуаттымыз, ұрыс-керіссіз өмір сүріп жатырмыз. Қабылдадым, ризамын” деп торкөз дәптердің шетінде қызыл жиегінен асырмай 500 рет жазып көріңізші. Күніне 5-6 не болмаса 15-20 реттен жазыңыз. Дұғаларды да оқи жүріңіз, әсіресе таң намазы кезінде. Бәрі жақсы болады. Әйел ақылды болса алмайтын қамалы жоқ. Ренжімеңіз ол кісі қалай, тура солай қабылдаңыз, өзгереді. Ұрыспай жаймен айтып түсіндіріңіз не біреу жайлы айтқандай мысалмен айтып, өз ойыңызды қосып айтып, өзгертіп алуға тырысыңыз. Реніш, нала жүрегіңізден кетпесе қиындай түседі. Жүрегіңізден жіберу керек. Әйел қылықты болуы керек, өзіңізге де мән беріңіз, сіз нәзік жан екеніңізді ұмытпаңыз. Бар айтарым - осы. Ата-ана бақытты болмаса ұл-қыздары көргенін жасайды, оны да ұмытпаңыз, ұрпағыңыз үшін үйренеріңіз көп болсын.  “Үйрен де жирен деген”, – деп жазды продюсер. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.