Порталда көші-қон саласындағы мемлекеттік қызметтердің кең спектрі бар.
Елімізде мигранттарға арналған портал іске қосылды
755
оқылды

Қазақстанда көші-қон ресурстары порталы – migration.enbek.kz іске қосылды,  деп хабарлайды Aikyn.kz

Migration порталы – бизнес-процестерді реинжинирингілеу және көші-қон саласындағы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылын дамыту жолымен құрылған инновациялық платформа.

«Шетел азаматтары туралы ақпаратты орталықтандыру және біріздендіру көші-қон процестерінің әртүрлі кезеңдерін синхрондауға, деректерді тиімдірек басқаруға, оларды өңдеу мерзімдері мен шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді.

Порталда көші-қон саласындағы мемлекеттік қызметтердің кең спектрі бар. Мысалы,  «Қандас» мәртебесін беру, қоныс аударушылар мен қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу, «Ата жолы» картасын беру, пана іздеуші адам куәлігін алу және тағы басқасы»,  делінген мәліметте.