Бүгін таңертең Қарқаралы қаласының шетінде қасқыр адамдарға шабуыл жасады. Екі әйел ауруханада жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz halyq-uni.kz-ке сілтеме жасап.
«Вечерняя Караганда» Telegram арнасының хабарлауынша, сағат 6.00 шамасында Қарқаралы қаласының шетінде қасқыр 2 әйелге шабуыл жасаған.
"Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, орталық облыстық ауруханаға аң талаған екі әйел түсті. Бірінің қолында жарақат бар. Екіншісін қасқыр бірнеше рет терең тістеп алған", – делінген хабарламада.
Қала тұрғындарының бірі қасқырдың адамдарға шабуыл жасап жатқанын фотоға түсіріп алған. Қасқыр бір үйір бұралқы итпен бірге Қарқаралының іргесін кезіп жүрген көрінеді.
«Бүгінде Қарқаралының көп тұрғыны балаларын мектепке жіберуден бас тартты», – деп жазды «Вечерняя Караганда».