Биыл наурыз айында «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов бастаған республикалық сайлауалды штабы Атырау облысына жұмыс сапары барысында Құлсары қаласында Жылыой ауданының жұртшылығымен кездесіп, өңірдің мәселелерімен танысқан болатын.
Жылыой аудандық ауруханасына МРТ аппараты табысталды
1,640
оқылды

Жылыойлықтар сол кезде құрылысы жүріп жатқан аудандық аурухананың жобасында МРТ аппаратының жоқтығын, осы аппарат үшін аудан халқы 300 шақырым қашықтықтағы облыс орталығына баруға мәжбүр екенін жеткізді. Кездесу барысында Ерлан Жақанұлы жылыойлықтарға жаңа ауруханаға МРТ аппараты орнатылатынына уәде берді. 

Бүгін  партияның 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасы аясында Жылыой ауданы  Құлсары қаласында 75 орындық аурухана ғимараты пайдалануға берілді.

Жаңа ауруханада  МРТ аппаратымен бірге, цифрлық рентген, соңғы үлгідегі УЗИ аппараты, ота жасауға арналған лапороскопиялық қондырғылар бар. Сондай-ақ  барлық палаталарда көпфункционалды кереуеттер орнатылған. Енді жылыойлықтар облыс орталығына бармай-ақ, ауданнан қажетті тексерулерден өтіп,  ота да жасалатын болады.

Орталық аурухана ғимараты 55 орындық негізгі корпус, 10 орындық балалар бөлімшесі, 10 орындық инфекциялық бөлімшеден тұрады. Сонымен қатар асхана ғимараты, 3 автокөлікке арналған гараж, трансформаторлық қосалқы станса, бақылау-өткізу пункті, медициналық қалдықтарды кәдеге жарату ғимараты, қоқыс жинағыш, құрылысқа арналған дизельді электр стансалары, ауызсуға арналған резервуар, автотұрақ қарастырылған. Жаңа аурухана барлық санитарлық ережелер мен талаптарға сай  заманауи үлгіде салынған.