Шымкентте белгісіз препараттан әйел адамның аллергиясы ауыр дәрежеге жеткен, – деп хабарлайды Aikyn.kz Otyrar сайтына сілтеме жасап.
27 қарашада қаладағы №2 ауруханаға 54 жастағы әйел түскен. Әйел денсаулық жағдайына байланысты жансақтау бөліміне түскен.
Әйелдің бүкіл денесінде іріңді бөртпелер, безгегі, бас ауруы және жүрек айнуы байқалған. Оның сөзінше, бұл белгілердің пайда болғанына 5 күндей өткен.
"Әйел адам қытайлық дәрілер мен жақпаларды қолданған. Төртінші күні аллергия белгілері байқалған. Әйел ауруханаға түскенде жағдайы ауыр болды. Денесінің 90 пайызына зақым келген. Беті мен денесі ісіп кеткен", – дейді науқасты емдеп жүрген дәрігер.
Дәрігерлер реанимация бөлімінде екі апта бойы қарқынды ем жүргізді, қанды гемофильтрациямен тазартқан.
Нәтижесінде, әйел адамның жағдайы жақсарып, терісі қалыпқа келген.