Қазақстанда республикалық маңызы бар төрт автожол жабылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
QazAvtoJol Telegram-дағы каналының хабарлауынша, 21 желтоқсан күні сағат 17.00-дегі ахуал бойынша үш облыста республикалық маңызы бар автожолдың төрт учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді:
Жетісу облысы – бір учаске: "Үшарал – Достық" учаскесі Көктума стансасы – Достық стансасы. Шектеу көліктің барлық түріне (боран, жолдың дұрыс көрінбеуі) енгізілді.
Ақмола облысы – бір учаске: "Жібек жолы" ақы алу пунктінің "Екатеринбург – Алматы" учаскесі – Қарағанды облысының шекарасы. Шектеу жүк және қоғамдық көліктерге (боран, жолдың дұрыс, көктайғақ) қатысты.
Қарағанды облысы – екі учаске: "Екатеринбург – Алматы" учаскесі, Ақмола облысының шекарасы – Теміртау ПВП және Новостройка ауылы учаскесі – Ақсу-Аюлы ауылы. Шектеу жүк және қоғамдық көліктерге (боран, жолдың дұрыс көрінбеуі, көктайғақ) қатысты.
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 703 техника жұмыс істеп жатыр.