Автокөлік иесі көлігінің салонына түгелдей жарқыраған түрлі-түсті гирлянда шамдарын іліп алып қала көшесінде жүрді.
Айыппұлға да әзір шығар: Көкшетауда көлігін гирлянда шамымен әрлеп алған жүргізуші жұртты таңғалдырды
1,642
оқылды

Көкшетауда көлігін гирлянда шамдарымен безендіріп қаланы аралауға шыққан жүргізуші көпшіліктің назарын өзіне аударды, – деп хабарлайды Aikyn.kz тілшісі. 

Әлеуметтік желіде қала көшелерінде гирлянда шамдарын жарқырата тағып ызғытып жүрген көліктің видеосы тарады.

Тұрғындар жаңа жылды осындай ерекшелікпен қарсы алғысы келген жүргізушінің ісіне таңғалса, біреулері оған айыппұл салынуы тиіс деп есептейтіндерін жеткізді. 

«Көшеден мен де көрдім. Керемет! Көңілді көтереді екен. «Тамаша!», «Айыппұлға да әзір шығар», «Бір жерде калькулятормен теріп айыппұлын есептеп жатқан шығар» деп жазды тұрғындар. 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, 

Ақмола облысы