Түркістан облысының Қазығұрт ауданында бір жасар бала көшедегі дәретханаға түсіп кеткен, – деп хабарлайды Aikyn.kz "Отырар" сайтына сілтеме жасап.
Баланың үйде жоғын анасы байқап қалған. Бір жасар баланы ата-анасы 10 жастағы ағасының көмегімен алып шыққан.
10 жастағы баланың беліне арқан байлап, септикке түсіріп, артынша екі баланы алып шыққан.
4-сынып оқушысын облыстық Төтенше жағдай департаментіндегілер алғыс хатпен марапаттаған.