Алматы қалалық Полиция департаменті жантүршігерлік апатқа байланысты пікір білдірді.
Ірі жол апаты: Алматыда автобус бір топ адамды басып кетті
963
оқылды

Ведомство бүгін, 22 желтоқсанда сағат 18:15-те 47-маршруттағы (жеке тасымалдаушы – "ДуманТрансКом" ЖШС) автобустың жолаушысы жанжал шығарып, көлікті басқарып келе жатқан әйел жүргізушіні ұрған, салдарынан ол есінен танып, көлік басқарусыз қалғаны туралы хабарлады.

”Басқарусыз автобус аялдаманың жанында тұрған адамдарды қағып өтіп, төрт көлікпен соқтығысқан. Осы оқиғадан үш адам қаза тауып, тағы төртеуі жарақат алып, ауруханаға жатқызылды”, – делінген полиция таратқан хабарламада.

Автобус жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды. Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. 

Сараптама тағайындалды.