Көптеген сүйегі сынған 50 жастағы әйел жансақтау бөліміне жатқызылды.
Алматыдағы ірі жол апаты: жүргізуші мен зардап шеккендердің жағдайы қалай?
1,005
оқылды

Алматының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы автобустың қатысуымен болған жол апатынан зардап шеккендердің денсаулығы туралы айтты, - деп жазды Aikyn.kz. 

Ведомствоның дерегіне қарағанда, көптеген сүйегі сынған 50 жастағы әйел жансақтау бөліміне жатқызылды. Науқастың жағдайы қосарлас жарақат пен жарақаттық шокқа байланысты ауыр.

55 жастағы ер адамға жабық бассүйек-ми жарақаты диагнозы қойылып, нейрохирургия бөліміне жатқызылды.

36 жастағы автобус жүргізушісі де жабық бассүйек-ми жарақаты және ми соғылуы диагнозымен нейрохирургия бөліміне жатқызылды.

Ал баланы №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасында хирург, травматолог, нейрохирургтен  тұратын көпбейінді бригада қарап, сол жақ тізе буынының жұмсақ тіндерінің соғылуы деген диагноз қойды. Гипс таңылып, амбулаторлық емдеуге үйге жіберілді.