Әйел бірге тұрып жүрген азаматтың көлігін айдап, қашып кеткен, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ер адам көлік ішінде сонымен қатар 23 миллион теңгесін алып кеткенін айтып полицияға шағымданған.
Оқиға 20 желтоқсанда Қосшы қаласында болған. Полицияға ЖШС басшысы, елорда тұрғыны өтінішпен жүгінген.
“Ер адамның айтуынша, Қосшыға бірге келген, өзімен бірге тұратын әйел оған тиесілі Lexus 570 автокөлігімен кетіп қалған. Жол талғамайтын көліктің артқы орындығында 23 000 000 теңге салынған сөмке бар деп мәлімдеген. 52 жастағы әйел жалдамалы пәтерде ұсталды”, – делінген хабарламада.
Бұл факт ҚР Қылмыстық кодекстің 389-бабы 2-бөлігі бойынша тергелуде, қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.