Күллі әлемді жылатқан бес бала
Күллі әлемді жылатқан бес бала
305
оқылды
Жер үйдің аумағында орналасқан «времянка» отқа оранып, соның салдарынан бес бала көз жұмды. Қаза болғанның барлығы – қыз. Алды 13 жаста болса, кенжесі 3 айлық еді. Бүгін осы күнді еске алмайтын, жүрегін сыздатпайтын жан жоқ. Сол бір жазбалармен бөліссек деп едік...  width= Қайда жүр деп ата-анамды сөкпеңіз, width= Қар үстінде тамақ іздеп кеткен із. Жер бетінен жайлы орын таба                                                              алмай, Түн ортасы ұшып кеттік көкке                                                                 біз! Уақыт боп, айырылдық жас жаннан, Өміріміз тар бөлмеде басталған. Барлық бала бақытты өмір сүрсінші, Біз оларды бақылаймыз, аспаннан!  width=   Қастарыңда болсын дайым  анаңыз, Әкетайың болсын дайым   панаңыз, Бұл өмірден пәтер көрмей кетсек те, Ұжымақта зәулім сарай саламыз! Енді аяздан ешбір сәби  тоңбасын, Жауқазын гүл ашпай жатып солмасын Ұрпағыңның жарық болып  маңдайы, Отанымда еш жамандық болмасын!!! Кеңшілік Тышқан 2019 жыл 4 ақпан  width=  width= Үй емес, менің өзегім өртенді, От құшты жастық, көрпемді... Бес қаруы сай батыр-ажалға жүгірдім, Бес бүлдіршіннің орнына қи деп желкемді... Сұп-суық төгеді аспан нұр, Бес күннің көшерін ескертіп бастан бір... Теледидарда - мерекелік отшашу, Жеркепеде - отқа оранған бес тал гүл  width= Арсыздың алшыдан асығы, Дұрысым қате боп - руһым жасыды... Сол жағалауда - бес жұлдызды қонақүй, Оң жағалауда - бес бүлдіршіннің лашығы. Флешмоб. Форум. Шоу. Жыр кеші. Керегін білмедім солардың кімге осы?! Газетте - бес әлеуметтік бастама, Өзекте - бес бүлдіршіннің мүрдесі.

Мирас Асан

   width=

ДЕНЕ – ҚАБІРДЕ, ЖАЗУ – ҚАБЫРҒАДА!

 2019 жылдың ақпанының басында ел астанасының іргесінде бір не екі қабатты үйлері бар, қар басқан тар көшесімен бес қыздың жаназасына бардық. Туыс ағасы да, жақын атасы да емеспіз. Ондай қыздардың өмірде бар екенін солар өмірден жоқ болып кеткен күні ғана біліп едік. Арнадан асып жатқан діндарлығымыз, өрге тасып тұрған мұсылмандығымыз болмаса да, дәл осы жаназаға қатысуды парызымыз дедік.  width= Сырты – ақ, іші – қара өртенген бөлме тұр. Бір ғимарат – бір бөлме. Алпыс жасымызға дейін мұндайды көрмеппіз. Біз білгенде адам тұратын ең нашар деген мекеннің өзі кемінде екі бөлмелік еді: ауыз үй, төр үй. Мынау – бір бөлме. Мұндайдың біз естігендегі ең жоғары атауы – тауық қора. Ал мұнда 7 адам өмір сүріп келген. Сұмдық! Теңселіп кеткенбіз.  width= Ішіне кіруге дәтіміз жетпеді, үңірейген терезеден қарадық. Оны газеттің, сайттың, телевизияның көп тілшісі кәсіпқой камерамен, әлеуметтік желінің сансыз белсендісі қолдағы смартфонмен түсіріп жатқан соң жағаласпадық. Теңселген қалпымызда бес қыздың алаңсыз дей алмасақ та, күнәсіз балалық шағы басталып, кенет те қайғылы үзілген аулада жүрдік.  width= Қарасақ, тағы бірнеше қора бар екен. Біреуінің ауылдағыдай қара сылақпен сыланған, онысы әлдеқашан шытынап кеткен қабырғасындағы ақ бормен жазылған жазу жүректі зырқ еткізді. «Альбина жазған!» Бес қыздың үлкенінің қатігез де жауапсыз әлемге, қамсыз да қайғысыз халыққа қалдырған қолтаңбасы!  width= Иә, қуықтай бөлмедегі алапат өрт олардан ешбір материалдық естелік зат қалдырмады. Үлкенінің бүкіл кітап-дәптері, кішілерінің қуыршақтары жанып кетті. Әке-шешесі иіскеп отырамын дейтін киімдері жанып кетті.  width= Енді босаға емес, төрге қойса да артық болмас аяқкиімдері жанып кетті. Өздерінің жалын шалған денесі де жер қойнына мәңгіге кетті. Сонда қалғаны – мына қабырғадағы жазу еді!  width= Көзімізден жас саулап тұрып түсіріп алғанбыз! Бір жыл бұрын!  

Қайнар ОЛЖАЙ,

2020 жылғы ақпанның 4-і