«Байқоңыр» ғарыш айлағында Роскосмостың биылғы ұшыру жоспары аяқталса да, келер жылдың жұмыстары жалғасуда, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Роскосмостың жазғанындай, «Байқоңыр» ғарыш айлағы 254-учаскесінің монтаждау-сынау корпусында «Прогресс МС-26» жүк кемесін дайындау жұмыстары жүріп жатыр.
Ғарыштық жүк көлігі Халықаралық ғарыш стансасына 2024 жылғы 15 ақпанда ұшырылады деп жоспарланған.
"Сондай-ақ С.П.Королев атындағы «Энергия» зымыран-ғарыш корпорациясы бақылау-зауыттық сынақтардан кейін «Союз МС-26» басқарылатын ғарыш кемесін Байқоңыр ғарыш айлағына жіберді. Оның ұшырылуы 2024 жылдың қыркүйек айына жоспарланған. Кеме ғарыш айлағына пойызбен жеткізілмек", – делінген ақпаратта.